Өнер! Өнер! Өнер! Жуырда «Дүние жүзі қазақтар қауымдастығының» ұйымдастыруымен халықаралық Өнер фестивалі өтті. Жыл сайын дүркіреп өтетін дәстүрлі фестиваль биылғы жылы, қазақ өнерінің қара шаңырағы – Алматы қаласында өтті. Әнші -термешілер, ақындар, суретшілер арасында байқау жариялаған-ды. Өнер додасына қатысушылардың дені, байқау шартына сәйкес жастар болды. Монғолия, Қытай, Өзбекстан сияқты іргелес елдермен қатар, Лондон, Германия сынды... Continue Reading →

Күз

Келе жаттым әдетінше сабақтан Құстар үні шиқылдаған жан жақтан, Гүлдер солып, жапырақтар сарғайып Көрік кетіп қалыпты ғой гүл бақтан. Бәтеңкемнен ызғар өтіп барады Күннің нұры әлсіз ғана тарады, Алғашқы қар қылаулап тұр аспаннан Суық ызғар бар денемді баурады. Келе жатырмын өз бөлмеме асығып Қысқа-қысқа көшелерге бас сұғып, Кіре сала күртешемді шешпестен Қалам алдым мен қолыма... Continue Reading →

Тастандының монологы

Амалым не, жүрмеді әсте әмірім, Шықпады да, шырылдаған сәл үнім, Ақшаны да, тастамайды жолға ешкім Неге сонша, жоқ болды екен қадірім? Ей, дүние, менің аппақ арманым, Шексіз аспан, шерлі өзендер, тауларым! Естеймісің! Адам дейтін аңғалым, Естеймісің, жаурадым ғой, жаурадым... Жарық әлем, талпынғанда саған мың, Осы ма еді, мені күтіп алар күн? Дархан дала, кеңдігіңнен не... Continue Reading →

Өнірдің өз адамы

Туған өлкем – Атамекен Зайсаным Өсіріпсің өнердің өз адамын, Дара тұлға қалай  мақтан етпейсің Жеңімпазың жақсы атақ алғаның. Ораз аға ! Он жетіде-ақ болған елге танымал , Сан-сайыста сынға түскен салып ән Бресте де өтеп жүрген борышын Өнердің де қорғап қалған намысын Теңестірген өнерде керегенді , Бірде әртіс-Жібектің Төлегені Іздесең өнердің көк жиегінен «Халықтық» атақ... Continue Reading →

Өзге ғаламшарлықтар

Күзгі қарасуық. Сағат тілі тоғызды меңзегенше, бір-біріне жабыса түсіп, бүкшиіп тез-тез басқан арық студенттер екіден – үштен оқу ғимаратының ауласына жиылып қалды.

Римма Смағұлова: «Әр тіл қыры да, сыры да мол жеке әлем»

Қазіргі уақытта бір емес, бірнеше тілді білу заман талабына айналды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қанатты сөзді басшылыққа алып, бірнеше тілді қатар меңгерген қабілеттерімен төрткүл дүниені таңдай қақтырған полиглоттар жетерлік. Көп тіл білуге құлшынғандардың кейбірі полиглот болуды арнайы мақсат тұтса, ал кейбірі көп тілді қажеттіліктен үйренеді. Біз әңгімеге тартқан Өскемен қаласының тумасы... Continue Reading →

Балаға есім таңдай білесіз бе?

Жұмыр жерді пана еткен әрбір жан ұрпағының жалғасуын қалайтыны хақ. Отбасын құрып бал сүю шынайы бақыттың кәусәрі емей немене? Сол бауыр еті баласы шыр етіп дүние есігін ашқанда ата-ананың бала алдындағы алғашқы міндеті құлаққа жағымды, мағынасы жарасымды, әдемі де айшықты есім таңдау. Қазақ халқы үшін балаға ат қою ежелден сіңіскен дәстүрдей болып кеткен. Жаңа туған... Continue Reading →

Сағынбек Ақанов: «Тәтті-тәтті тамақ жегің келсе, қатты-қатты еңбек ет»

Өңірімізде өзіндік қолтаңбасы бар, рухани білімнің мөлдірінен қанып ішкен ел ағалары аз емес. Сондай тұғыры биік жандардың бірі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Тарбағатай ауданының тарихына арналған «Ғасыр көші» кітабінің авторы, мемлекеттік тілдегі Шығыс Қазақстан облысы бойынша саяси куғын-сүргін құрбандарына арналған «Азалы кітапты» дайындап баспадан шығарушы, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары Сағынбек Ақанұлымен сұхбаттасып қайтқан едік.... Continue Reading →

Create a free website or blog at WordPress.com.

Up ↑